"Алғашқылар дәуірі"

«Алғашқылар дәуірі» – адамзаттың тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне аттанған сәтін бейнелейтін блокбастер. Бұл фильм 2017 жылдың алғашқы, ал 2011 жылдан бері қазақшаға дубляждалған 18-ші кинокартина. Басты кейіпкерлерді Азамат Қанапия (Алексей Леонов), Ғани Құлжанов (Константин Хабенский), Бақытжан Нұрпейісов (Сергей Королев) дыбыстады. Барлығы дубляжға 25 актер қатысты. Олардың ішінде: Ләйлә Сұлтанқызы, Әділ Ахметов, Ислам Зейноллаев, Шах-Мұрат Ордабаев, Сағаділдә Үсіпбалиев, Сырым Қашқабаев, Шехназа Қызыханова бар. Жобаның ұйымдастырушысы – MARWIN компаниясының қолдауымен «Болашақ» Корпоративтік қоры.